Компания туралы

Компания туралы QІWІ бренді Ресейде
2008 жылдың 22 сәуірінде пайда болды.

Серіктестермен өзара әрекеттесуге бағытталған төлем ұйымынан біз пайдаланушы сервисіне өстік.

QIWI барлық тілек білдірушілерді барлық тұрақты және қажетті төлемдерді жасау үшін ыңғайлы және қолжетімді құралдармен қамтамасыз етеді. QIWI Терминалдары мен электронды QIWI Әмиянының көмегімен 75 000-нан астам провайдерлердің қызметтерін төлеуге болады. Олардың қатарында мемлекеттік ұйымдар, коммуналдық шаруашылықтар, ұялы байланыс операторлары, банктер, интернет-дүкендер, ақша аударым операторлары бар.

QIWI VІSA халықаралық төлем жүйесімен бірге Желіде сатып алуға мүмкіндік беретін виртуалды карталарды шығарған алғашқы төлем сервисі болды. QIWI бренді - барлық ұсынылатын қызметтердің жоғары деңгейіне кепілдік беретін сапа белгісі Олардың қатарында - мемлекеттік ұйымдар, коммуналдық шаруашылықтар, ұялы байланыс операторлары, банктер, интернет-дүкендер

Тарихы

QIWI — Қазақстандағы, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі жаңа буынның жетекші төлем сервисі, оған жеке, интернет- және мобильді байланыс арналары арқылы төлемдер жасауға мүмкіндік беретін интеграцияланған төлем желісі тиесілі.

Оған 17,2 млн. астам виртуалды әмиян, 181 000-нан астам терминал, оның ішінде Қазақстанда 30 000-нан астам төлемдер қабылдау пункттері кіреді.

Ай сайын QIWI көмегімен сауда компаниялары айына кемінде бір рет желі қызметтерін пайдаланатын 70 млн. астам клиенттерден төлемдер қабылдайды. QIWI арқылы бүкіл әлем бойынша 75 000-нан астам компанияның пайдасына төлемдер жасауға болады. Қазақстанда QIWI-ге 900-ден астам тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер қосылған және олардың саны үнемі өсіп келеді.

QIWI клиенттері физикалық және электронды төлем құралдарын қолдана отырып, тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру және төлеу үшін қолма-қол ақшаны, алдын-ала төленген карталарды және басқа қолма-қол ақшасыз төлем әдістерін қолдана алады.

QIWI Kazakhstan қалануы

Жаңа QIWI төлем Терминалдары екі технологияның – POS-терминалдары мен скрэтч-карталарын сату автоматтары түйіскен жерінде пайда болды

2004

QIWI Kazakhstan өкілдігінің ашылуы

Компанияны Владимир Ким басқарды

2006

Beeline-мен ынтымақтастық

Қазақстанда ұялы байланыс төлемдерін іске қосу

2007

QIWI Қазақстан нарығының көшбасшысы

болды және барлық ұялы байланыс операторларымен «№1 компания» ретінде танылды

2008

Қазақстанның барлық қалаларында өңірлік өкілдіктердің ашылуы

Қазақстандағы ең ірі – Kcell мобильді операторымен ынтымақтастық

2009

TNS Central Asia деректері бойынша QIWI терминалдар мен электрондық төлем қызметтері нарығындағы ең танымал бренд ретінде танылды

QIWI Терминалдарында теміржол билеттерінің сатылымы пайда болды

2012

Қазақстанда Qiwi Әмиянының ресми пайда болуы

Электрондық ақша шығара бастаған AsiaCredit Bank-пен серіктестік Қазақстанда QIWI Терминалдары және Qiwi Әмиян арқылы несиелер өтеуді іске қосу

2013

QIWI жылдық пайдаланушыларының өсуі

Qiwi Әмиян 62% құрады,
айналымның өсуі – 86%

QIWI-ге қосылған қазақстандық провайдерлер санының өсуі 40% құрады

2014

сайтын іске қосу www.qiwi.kz

2016

Таксиагрегатордың Қазақстан нарығына шығуы

Таксопарктерге арналған төлем сервисі

2020

Компания ішіндегі құрылымдық және стратегиялық өзгерістер

Наталья Абулгазиева, QIWI Kazakhstan CEO

2021

Онлайн-дүкендерге арналған интернет-эквайрингті іске қосу

Фрилансерлермен және жеке тұлғалармен бизнесті есептеуге арналған жаңа қаржылық технологиялар шешімін іске қосу – Qiwi Жаппай төлемдер*

*ҚР екінші деңгейдегі банктері шығарған жеке тұлғалардың карталарына ақша қаражатын аудару бойынша сервисі

2022

QIWI Kazakhstan тізілімнің 5 жолын иеленді

Қазақстан Ұлттық Банкінің 2022 жылғы деректері бойынша QIWI Kazakhstan электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша төлем қызметтерінің маңызды жеткізушілері тізілімінің 5-жолын иеленді

2022