Құрметті клиенттер!
2025 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына банктік есепшоттар мен электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жасалатын алаяқтыққа қарсы бағытталған өзгерістер енгізілді.
Бұл өзгерістер жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және «дроппер» схемаларына қатысқан адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырады.
Дроппер – бұл өз банктік шотының, төлем картасының, телефонының, қосымшасының немесе басқа төлем құралдарының қолжетімділігін үшінші тұлғаларға,соның ішінде сыйақыға беретін адам.
Әдетте, осындай әрекеттерді қаскөйлер алаяқтық жолмен алынған ақшаны (мысалы, фишинг құрбандарынан, қаржылық пирамидалардан және т.б.) шығару үшін пайдаланады. Заңсыз екенін білмеген болсаңыз да, сіз серіктес болып саналып, жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.
Төлемдер туралы Заңның 25 бабының 14 тармағына сәйкес:
Аталған нормаларды бұзғаны үшін ҚР ҚК 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген:
Неғұрлым ауыр бұзушылықтар үшін екі жылға дейін немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.
Егер күмәніңіз туындаса – біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.