21 февраля 2024

«Киви Банк» лицензиясын қайтарып алу Қазақстанда теңгемен балансы бар QIWI-әмияндарға әсер еткен жоқ

Елдегі пайдаланушылар әлі де қаражатты енгізу және шығару бойынша операцияларды жүргізе алады, сондай-ақ теңгедегі балансы бар әмиянның барлық сервистерін өзгеріссіз пайдалана алады

QIWI Kazakhstan жергілікті бизнесі бұл жағдайдан зардап шеккен жоқ. Сервистерге жүктеменің жоғарылауына байланысты уақытша техникалық ақаулар байқалғанымен, қазіргі уақытта олар сәтті жойылды және компания өз қызметтерін әдеттегідей ұсынуды жалғастыруда.

Теңгедегі балансы бар әмиян иелеріне барлық сервистер шектеусіз қолжетімді. Рубль әмияндарының пайдаланушылары операцияларды жүзеге асыруда, айырбастауда және сервистерге қол жеткізуде уақытша қиындықтарға тап болуы мүмкін.