23 февраля 2024

Рубльдегі балансы бар әмиян иелеріне арналған ақпарат

Ресейдің Салымдарды сақтандыру жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, QIWI Әмияндарындағы ақша қаражаты электронды төлем құралдары болып табылады және №177 Федералды заң бойынша сақтандыруға жатпайды.

Рубльдегі балансы бар QIWI Әмияндарының барлық иелері «Киви Банкі» таратылған кезде үшінші кезектегі кредиторлар болып табылады. Қазақстаннан да, Ресейден де пайдаланушылар баланстан рубльмен, доллармен және еуромен ақша талап ете алады.

Қазақстан резиденттеріне жсн, жеке куәлік деректері және банк деректемелерін көрсету қажет.

Талап ету тәртібі туралы толығырақ АСВ ресми телеграм-каналынан білуге болады: https://t.me/asvorgru/803