13 июня 2024

QIWI Kazakhstan QIWI Әмиян пайдаланушыларына рубль, доллар және еуродағы балансы бар қаpажатты қайтаруды бастады

QIWI Kazakhstan клиенттерден жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам 500-ге жуық өтінімді өңдеді

Финтех-компаниясы pесейлік Салымдаpды сақтандыру жөніндегі агенттігімен (ССА) бірлесе отырып, рубль, доллар және еуродағы балансы бар әмияндарды пайдаланушыларға қаpажат қайтару схемасын жасады. Бұл шешім QIWI-әмиян пайдаланушыларының көмек сұраған көптеген өтініштеріне жауап ретінде қабылданды.

Процесс күрделі болды және екі түрлі елдің трансшекаралық нарықтары мен юрисдикциялары жағдайында ұзақ келіссөздер мен цифрлық шешімді әзірлеуді қажет етті. Нәтижесінде клиенттер электрондық форматта өтінім бере алды және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы барлық қажетті құжаттарға қол қоя алды.

«Біз бұл қаражаттың клиенттеpіміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және олардың қысқа мерзімде қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық.

Бүкіл команда қазақстандық әмиян иелері үшін қатты алаңдады және біз тоқтау салынған сомаларды тез төлеу үшін шешім таба алдық», — деп белгіледі Наталья Абулгазиева, QIWI Kazakhstan диpектоpы.

Өтінімдер 2024 жылдың 10 маусымына дейін қабылданды. Осы кезеңде QIWI Kazakhstan рубль, доллар және еуродағы балансы бар әмияндарда бұғатталған қаражатты төлеуге 500-ге жуық өтініш алды. Төлемдердің жалпы сомасы 2024 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 70 млн теңгеден астам соманы құрайды. Төлемдер 2024 жылғы 12 маусымда басталды және әмиян иелерінің шоттарына теңгемен жүзеге асырылады.

«QIWI Kazakhstan компаниясы мен командасына ақшаны қайтару мәселесін шешуге көмектескені үшін алғысымды білдіргім келеді. Процесс өте оңай және жылдам болды, маған ешқандай құжаттарды жинаудың қажеті жоқ еді, бәрі қолымда болды:
құжаттар eGov порталында, скрин ұялы байланыс операторының кабинетінен, және бастысы, ЭЦҚ-ны қолдана отырып, шартқа қол қойдым, бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ еді!

Әрине, мен басқа елде тұpып қалған ақшамды қайтарғаныма қуаныштымын және мұның бәріне менің тарапымнан аз күш жұмсалды!» – бұндай пікірмен QIWI Kazakhstan клиенттерінің бірі Михаил бөлісті.